Аймақтар • 22 Қаңтар, 2018

Шолақсор ауылында аяз 43  градусқа жеткен

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылында аяз 43  градусқа жеткен. Бұл жайлы  бүгін өткен облыс әкімдігінің отырысында айтылды. Отырыста өңірдегі 40 градустық  аязға байланысты жағдай талқыланды.

Шолақсор ауылында аяз 43  градусқа жеткен

Әкімдікке телефон шалушылар аз емес. Ал, 21-ші қаңтар күні Омбыдан Өскеменге бет алған жолаушылар автобус тоқтатылған-ды. Тексерістен соң, автобус қайта жолға шықты. Сақтықта қорлық жоқ. Барлық қоғамдық көліктерге шектеу қойылды. Өңірдің Төтенше жағдай қызметі Ақмола, Қарағанды облыстарындағы, Омбыдағы әріптестерімен байланысып, халықаралық автобустар бағыттарына да шектеу қойылды.

Облыс аудандарындағы Цельсий бағаны бойынша – 43 градусты құраған ең төмен температура осы күндері Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылында тіркеліпті. Алда  қатты аязды күндер күтілуде. Түнде қатты суытып, аяздың күрт көтерілетіні де белгілі.  Кеңес барысында облыстық ТЖ департаментінде «Арнайы Жәрдем Орталығы жұмыс істейтіні айтылды. Орталықтың телефондары  ватсап және жергілікті  телеарналар арқылы хабарланса көпшілік білер еді.  Қалалар мен аудандарда жолдар уақытша жабылады. Өңірдегі бүкіл коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде. Облыс әкімі Болат Бақауов аяздың беті қайтқанша жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Фарида Бықай

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы,